«Ол - сұрапыл!» Англияда Дастан Сәтпаевтың талантына «шок» болуда

16.04.2025, 22:20

«Челси» туралы жиі жазатын «Vince» Х-аккаунты Дастан Сәтпаевтың «Атырау» қақпасына салған голы туралы жазба жариялады.

«Ол - сұрапыл!» Англияда Дастан Сәтпаевтың талантына «шок» болуда
Дастан Сәтпаев

«16 жасар Дастан Сәтпаев бүгін тағы да мергендік танытты. Лиганың стартындағы үш ойында оның еншісінде 4 гол мен бір ассист (алаңда бес ойында өнер көрсеткен). Ол - сұрапыл», - делінген танымал акаунттың жазбасында. 

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев санаулы сағаттар бұрын аяқталған «Қайрат» - «Атырау»(4:0) кездесуінде есеп ашты- 52-секунд. Пост жарияланған сәтте-ақ 22 мың қаралым жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×