«Олар бірінші кездесуде дұрыс ойын көрсете алмады?! Қазақстандық маман «Ақтөбенің» қарымта ойындағы мүмкіндігін әділ бағалады

31.07.2025, 15:22

Отандық бапкер Болат Есмағамбетов КЛ 2-іріктеу кезеңіндегі «Спарта» - «Ақтөбе» кездесуінің қарсаңында өз ойымен бөлісіп, қазақстандық ұжымның мүмкіндігін бағалады.

«Олар бірінші кездесуде дұрыс ойын көрсете алмады?! Қазақстандық маман «Ақтөбенің» қарымта ойындағы мүмкіндігін әділ бағалады
"Ақтөбе" - "Спарта" кездесуі

Командалар арасындағы бірінші бәсекеде «Ақтөбе» өз алаңында басым түскен болатын 2:1.

«Ақтөбеге» қиын болады. Неге дейсіз бе? Бұл жердегі айқын фаворит -  «Спарта». Қай жағынан алып қарағанда да  - бюджеті, футболшылардың жеке шеберлігі. Бұл өте мықты команда. Еурокубоктерде әбден ысылған ұжым деуге болады. Топтық кезеңдердегі тәжірибесі де мол. Чехияда талай рет топ жарды. Меніңше, олар бірінші кездесуде дұрыс ойын көрсете алмады. Ал «Ақтөбеге» сәттілік серік болды. Оның үстіне Чехия чемпионаты енді басталып жатыр дегендей. Содан кейін бірінші бәсекеде чехиялықтар сәл менсінбеді ме деген ой келеді. «Спарта» Ақтөбедегі ойыннан кейін үлкен сынға ұшырады. Жанкүйерлер «Қазақстанның командасына қалай ұтылып қалдыңдар» дегендей сыңайдағы мін тағып, жерден алып, жерге салған. Сол үшін бүгін олар алғашқы секундттардан шабуылдайды. Бұл ойындағы шансты алаң иелерінің пайдасында 70-те 30 пайыз деп бағалаймын. Біздің футболшыларға сәттілік, енді футболда неше түрлі нәрселер бола береді. Сенсация деген бар. Гол салып, қорғаныста жақсы ойнаса, бәрі де мүмкін. Ал обьективті түрде бағаласақ, әрине «Спарта» әлдеқайда мықты. «Ақтөбе» командасына сәттілік, жеңіс тілейміз. Келесі кезеңге сүрінбей шықсын!», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына.

Жауапты бәсеке бүгін 23:00-де басталады.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×