«Олар Қазақстанмен онша таныс емес, бірақ Валиуллинді ерекше атап өтті»: Финляндия чемпионатында ойнайтын қазақстандық футболшы бүгінгі матч туралы

04.09.2021, 20:52
Жартылай қорғаушы «Раахе» клубында өнер көрсетеді.
«Олар Қазақстанмен онша таныс емес, бірақ Валиуллинді ерекше атап өтті»: Финляндия чемпионатында ойнайтын қазақстандық футболшы бүгінгі матч туралы

Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында финляндиялық "Раахе" клубының жартылай қорғаушысы Жан Болатқұлов Финляндия мен Қазақстан құрамалары арасындағы алдағы ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Жан, сіз Финляндияда ұзақ уақыт тұрдыңыз. Қазақстанға қарсы ойын туралы не айта аласыз? Біздің қарсылас қаншалықты күшті?

- Финляндия қаншалықты мықты екенін Еуропа чемпионатына алғаш рет шығу арқылы көрсетті. Ал финдер ол турнирде жұрт күткеннен де жақсы ойнады. Бүгінгі ойынға келетін болсақ, Лод пен Камара Қазақстанға қарсы ойнамайды. Бұл Финляндия құрамасы үшін айтарлықтай шығын.

- Сіздің ойыңызша, Финляндия - анық фаворит па?

- Финдер Қазақстанның соңғы ойындарды қалай өткізетінін біледі. Менің ойымша, олар біздің ұлттық құраманың ойын стилін зерттеді. Алаң иелері үш ұпай алу үшін күресуге және жеңуге дайын.

- Финляндияда алдағы ойын туралы қандай пікірлер айтылуда?

- Ойыншылар: "егер біз тең ойнасақ немесе Қазақстаннан ұтылсақ, онда әлем чемпионатын ұмыта беруге болады" деп айтуда. Финляндия керемет ойнайды деп айта алмаймын. Рас, олар үйлесімді және командалық ойын көрсетеді.

- Қазақстан құрамасының Украинаға қарсы ойынын көрдіңіз бе?

- Иә, бұл өте керемет ойын болды. Менің ойымша, Қазақстан құрамасы Киевте Украинамен тең ойнауының кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Соңғы Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан командаға екі гол соғу оңай емес. Біздің команда ағымдағы іріктеу циклінде ұпай жинауды жалғастырады деп сенемін.

- Қазақстан құрамасының ойыншылары туралы айтатын болсақ, Финляндия құрамасы, қай ойыншыдан қауіптеніп отыр?

- Олар Қазақстанмен онша таныс емес, бірақ соңғы нәтижелер бойынша бұл шабуылда жақсы ойнайтын команда екенін түсінеді. Валиуллинді ерекше атап өтті - ол Украинаға қарсы соңғы матчта керемет ойнады және Қазақстанды жеңілістен құтқарды.

- Сіз Хельсинкиге келіп, матчты көруді жоспарлап отырсыз ба?

- Өкінішке орай, мен ойынға қатыса алмаймын. Мен тек теледидардан қарап, Қазақстан құрамасына жанкүйер боламын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×