OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасатын болды

26.06.2020, 23:14
Енді бұл нақты шешім шығар деп ойлаймыз.
OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасатын болды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен келісім бойынша, чемпионат футбол матчтары кезінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі әзірленген нұсқаулыққа сәйкес қатаң түрде 2020 жылдың 1 шілдесінде жалғасады. ⠀

Осы құжатта көрсетілген санитарлық талаптар Қазақстанның бірнеше аймағындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты одан әрі күшейтілді. Барлық матчтар көрерменсіз өтеді, стадиондағы қызметкерлер саны техникалық минимуммен шектеледі. ⠀ Турнир кестесін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті бекітеді. ПФЛК ресми сайтында күнтізбемен таныса аласыз. ⠀

Бірінші лига және екінші лига, Қазақстан Республикасының Кубогының матчтары 1 тамызда басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×