Грекияның "Олимпиакос" клубының бас бапкері Хосе Луис Мендилибар Чемпиондар Лигасының "Қайратқа" қарсы ойынына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкер командасына артық қысым жасамау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстандық клубтың ойын стиліне талдау жасады.
Мендилибар алдағы кездесуді финалдық матчтай қараудан бас тартты. Ол мұндай сөздердің командаға қосымша салмақ түсіретінін ескертеді.
"Бұл матчы финалдай сезіну керек бе? Мен командаға олай дегім келмейді. Бәлкім, нәтижелер әзірге мінсіз болмаған шығар, бірақ біз бұл жарыстың не екенін білеміз. Ойынға назар аударайық, артық қысым жасамаған жөн. Оның көмегі жоқ." – деді бапкер.
Бұл – Мендилибардың ойын алдындағы психологиялық тұрақтылықты сақтауға және ойыншылардың алаңда еркін ойнауына баса назар аударып отырғанын көрсетеді.
Бапкер ойынның "Қайраттың” өз алаңында емес, Астанада өтуін екі команда үшін де біртүрлі жағдай деп бағалады. Ол бұл жағдайда "Қайратта” нақты үй алаңының артықшылығы болмайтынын түсіндірді.
"Қайрат” өз үйінде ойнамайды, сондықтан бұл екі команда үшін де біртүрлі болады. Нақты үй басымдығы жоқ. Біз көргеніміздей, "Қайрат" тікелей футбол ойнайды: олар жоғары прессинг жасап, біздің қорғанысымыздың артына пас беруге тырысады. "Қайрат" сияқты, біз де барымызды саламыз.” – деді ол.