“Олимпиакос” командасы Грекия чемпионатында кезекті матчын өткізді

Яннис Анастасиу шәкірттері бұл жолы Панетоликосты минималді есеппен жеңді.

“Олимпиакос” командасы Грекия чемпионатында кезекті матчын өткізді

Агринион қаласында өткен ойындағы жалғыз голды “Олимпиакос” сапынан Аюб Эль-Кааби соқты. Матч барысында қарсылас қақпасына жалпы алғанда 24 соққы жұмсаған Пирей ұжымы осылайша Суперлигадағы кезекті 3 ұпайына қол жеткізді. Бұған дейін “Олимпиакос” “Атромитостан” 3:0 есебімен айласын асырды.

Еске салсақ, 9 желтоқсан күні елордамыз Астана қаласында “Қайрат” командасы дәл осы “Олимпиакосты” еурокубок аясында қонақ қылады. Матчты стадионнан тамашалауға мүмкіндігі жоқ жанкүйерлер ұлттық телеарналар тікелей эфирінен бұл ойынды сағат 20:30-да көре алады. 

Айтпақшы, аталған кездесуде алматылық команда бүгінде мезгілсіз өмірден өткен бапкер Кирилл Кеккер құрметіне арнап, траур лентасын тағып шығатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×