Аюб Эль-Каби - грекиялық команданың үздік 2025 жылдағы үздік сұрмергені.
Жасы 32-ге келген шабуылшы “Олимпиакос” үшін осы маусымда 17 матч өткізіп, 12 гол соқты. Марокколық Суперлиганың үздік бомбардирлері тізімінде қазірде көш бастап тұр. Аюб Пирей ұжымының Чемпиондар Лигасындағы ойындарында да қанжығасын голмен майлап жүр. Мәселен, Эль-Каби Испанияның қос гранды саналатын Реал мен “Барселона” қақпасына бір-бір голдан соққан.
32 жастағы шабуылшы “Олимпиакоста” 3 маусым қатарынан 10-нан астам гол соғып, клуб тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінің жоғары сатысына жақындап келеді.
Әсіресе, футболшының 2023/24 жылғы маусымдағы еурокубоктегі ойыны ерекше болды. Аталған турнирде Эль-Каби 9 матчта 11 гол соғып, пирейліктерді Конференция Лигасының финалына дейін жеткізді. Нәтижесінде “Олимпиакос” “Фиорентинаны” 1:0 есебімен жеңіп, ұзақ жылдардағы алғашқы еуротрофейіне қол созды.