«Олимпия» Любляна клубының бас бапкері Жорже Симау ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы ойынды қортындылап, қарымта кездесу жайлы ойын ортаға салды. Кешегі матчта командалар тең тарқасқан болатын 1:1.
«Команданың ойынына ризамын, гол салатын біраз мүмкіндік жасадық, бірақ бұл футбол. Жаман өнер көрсетпеген едік, алайда, жылдам қарымта шабуылдан гол жіберіп алдық. Одан кейін тәуір ойнап, ерік-жігер таныта білдік. Бізге тепе-теңдік сақтау керек. Шабуылдау қажет әрі қорғаныста үнемі сауатты қимылдауымыз тиіс. Матч барысында тек бір ғана сәтте тепе-теңдік сақтай алмадық, ол сол доп жіберіп алған кез болатын», - деді Жорже Симау «24ur.com» сайтына.
Қос клуб арасындағы жауапты кездесу 15-шілдеде Алматыда өтеді. Басым түскені екінші кезеңде «КУПС» - «Милсами» жұбының жеңімпазымен жолығады.