Олжас Абраев ҚФФ президенттігіне үміткерлер қатарынан шығып кетті

09.02.2022, 17:18
Абраев бар назарын қазіргі қызметіне аудармақ.
Олжас Абраев ҚФФ президенттігіне үміткерлер қатарынан шығып кетті

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады:

- Құрметті футбол сүйер қауым, достар, әріптестер! Соңғы күндер мен үшін шешуші болды. Ақтөбе футбол федерациясының тарапынан мені үміткер ретінде ұсыну бастамасын ризашылықпен және аса құрметпен қабылдадым. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы ретінде мен орын алған жағдайда міндетті түрде лига мүшелері, яғни отандық футбол клубтарының басшыларымен консультация өткізіп, ҚКФЛ-на қатысты ағымдағы міндеттерді орындауға шешім қабылдадым.

Сайлауалды бағдарлама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа маусымға дайындығына теріс әсер етеді деген пікірдемін. Қазіргі таңда лига Әкімшілігі кезекті футбол маусымын наурыз айының басында бастау үшін белсенді жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек Қазақстан футбол федерациясымен бірге отандық чемпионатта VAR жүйесін енгізу жұмыстары белсенді жүруде. ҚКФЛ телехабар таратушымен өзара қарым-қатынас жасап, VAR жүйеcін стадиондарда іске қосуға жауапты. Клубтар, мамандар және жанкүйерлер үшін бұл чемпионатты дамыту жолындағы маңызды кезең, біз бұл жұмысқа назар аударуымыз керек. 

Ақтөбе футбол федерациясының басшылығына сенім білдіргені үшін тағы да алғыс айтамын. Қазіргі таңда серіктестер мен әріптестердің сенімі — бұл өте құнды дүние, оны бағалау керек. Мені ҚФФ басшысы ретінде ұсыну — бұл өткен жылдардағы атқарған қызметімнің оң бағасы деп қабылдаймын. Ақтөбеде футболды дамытуға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, қазір Қобыланды батыр атындағы орталық стадионды жаңарту жұмыстарына арналған жоба жасалуда. Бұл қадам болашақта Қазақстан ұлттық құрамасының халықаралық ойындарын қабылдауға жол ашады. 

Сайлау науқаны алдында барлық әріптестерге шын жүректен сәттілік тілеймін! Үгіт-насихат бағдарламалары аясында айтылған барлық ұсыныстар нағыз ой талқысына айналып, отандық футболға пайдасын әкеледі деген үміттемін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×