Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Түркістан қаласына іссапар жасап, жаңадан салынған «Түркістан Арена» стадионын тексерді.
Іссапар барысында лига басшысы 2020 жылы салынған су жаңа спорттық аренаның инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар ол Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен кездесу өткізді.
«Түркістан Арена» стадионына халықаралық стандарттарға сай талаптардан өтіп, үшінші дәрежелі сертификатты ие болуы үшін алдағы уақытта лицензиялау рәсімінен өтуі қажет. ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев іссапар барысын қорытындылады:
- Түркістандағы жаңа стадион - барша Қазақстан үшін жақсы жаңалық. Киелі Түркістан қаласында іргесі қаланған бұл стадион отандық спортшылар үшін құтты болып, халықаралық ареналарда үлкен жеңістерге алып келеді деген үміттемін. Стадионды тексеру қорытындысы бойынша жақсы пікірдемін. Телевизиялық түсірілімдерге қатысты бірнеше нюанстар бар, бірақ оларды жоюға болады. «Түркістан Арена» алдағы уақытта өзінің бірінші үлкен ойындарын қабылдауы мүмкін, қазір осыған қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Түркістан қаласының және облыс тұрғындарын осындай керемет аренаның салынуымен құттықтаймын!
Біздің серіктес: FONBET