Олжас Байбосын: “Әлімжан Асқардың ҚФФ-та ешқандай билігі жоқ. Оның ол жерде кабинеті де жоқ.”

26.10.2025, 10:00

Белгілі комментатор Олжас Байбосын әріптесі Әлімжан Асқарға бағытталған сын мен айыптауларға жауап берді. 

Олжас Байбосын: “Әлімжан Асқардың ҚФФ-та ешқандай билігі жоқ. Оның ол жерде кабинеті де жоқ.”

Олжастың айтуынша, қоғамда Асқардың Қазақстан футбол федерациясындағы рөліне қатысты қате түсінік қалыптасқан.

Байбосын бұл пікірлердің негізсіз екенін атап өтті:

“Әлімжан Асқарға қатты хейт келіп жатыр. Мен түсінбеймін, ол Әлімжан Асқардың каналы емес, ол да біз сияқты Ермаш сияқты қатысушы ол жерде. Ол проект басқа бір кісілерге тиесілі. Әлімжан Асқар федерацияға барып өзгеріп кетті, креслосын қимай жатыр дейді, не әңгіме енді осы? Ол федерацияда 196-ақ мың айлық алады. Оның креслосы жоқ ол жерде, оның кабинеті де жоқ. Ол тек ғана ұлттық құрама ойнаған кезде барып сол жерде пресс-конференцияны жүргізеді. Жалпы Әлімжан Асқар шетелге баратын журналистерді де шешпейді. Оның қолында ешқандай билік жоқ. Сүйте тұра кей адамдар ол Ермұхамед Мәуленді  жұмыстан қуып жіберді дейді. Қалай қуып жібереді? Оның ондай өкілеттігі жоқ, таңғаламын адамдарға.” – деді Олжас Байбосын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×