Қазақстандық футбол маманы Олжас Әбраев УЕФА тарапынан маңызды халықаралық міндетке тағайындалды.
Әбраев УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіндегі “Риека” (Хорватия) — “Спарта” (Прага, Чехия) матчының ресми делегаты қызметін атқарады.
Кездесу 23 қазан күні, сағат 21:45-те Хорватияның Риека қаласындағы “ХНК Риека” стадионында өтеді.