Беларусь біріншілігінің 30-турында «БАТЭ» мен «Сморгонь» кездескен.
Борисовтік клуб сапында Оралхан Өміртаев алаңға қосалқы құрамнан қосылды. Қазақстандық шабуылшы 83-минутта мергендігімен көзге түсті.
Сондай-ақ аталған матчта «Сморгонь» сапында Микаэль Аскаров екінші таймда бой көрсетіп, нәтижелі әрекетімен ерекшеленді. Отандасымыз ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда голдық пас берген. Матчтың өзіне келер болсақ, Оралан Өміртаевтың командасы 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Оралхан Өміртаев чемпионат басын «Слуцкте» бастап, кейін «БАТЭГЕ» ауысқан болатын. Кешегі голы қазақстандықтың қосалқы құрамнан шығып барып салған сегізінші голы. Бұл көрсеткіш бойынша Өміртаев Беларусь біріншілігінің легионерлері арасында көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET