Борисовтің БАТЭ командасы Беларусия Кубогының 1/8 финалында “Торпедо БелАЗ” ұжымына есе жіберді 0:2.
БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Торпедо-БелАЗ» (Жодино, Беларусь) – 0:2
Голдар: Александр Ксенофонтов 43, Алексей Залеский 57 (пенальти)
Қазақстандық Оралхан Өміртаев алаңға екінші таймда қосылды. Алайда шабуылшы өз командасының жеңілісінен құтқарып қала алмады. Айта кетейік, 26 жастағы ойыншының бұл БАТЭ командасындағы 2 матчы.
Бұған дейінгі Беларусь Кубогы кездесуінде Борисов ұжымы Dmedia командасын 5:0 есебімен ойсыратты. Аталмыш матчта Оралхан сары қағаз алып көзге түсті.
Біздің серіктес: FONBET