“Ордабасыны” еурокубоксіз қалдырған ұжым кезекті ойынында жеңіліс тапты.
“Торпедо” Кутаиси командасы қос матч қорытындысы бойынша кипрлік “Омониядан” 0:5 есебімен ұтылды.
Черногорияның жарқын жұлдызы саналатын Стеван Йоветич “Торпедо” қақпасына 3 гол соқты. Және шабуылшы Вилли Семедо 2 голдық көрсеткішімен көзге түсті.
Осылайша, грузиялық ұжым еуромаусыммен қоштасты. Бұған дейін команда Конференция Лигасының 1 іріктеуі аясында “Ордабасыдан” басым түсіп еді (5:4).
Еурокубоктен ұшып кеткен ұжым ендігі сәтте бар назарын ішкі чемпионатқа аудармақ. Онда клубтың үздік үштікке кіретін жағдайы бар.