«Омонияның» бас бапкері: «Бүгінгі ойын алғашқы матчтағыдай жабық өтеді деп ойлаймын»

09.12.2021, 16:22
Алғашқы матчта қос команда ұпай бөліскен еді.
«Омонияның» бас бапкері: «Бүгінгі ойын алғашқы матчтағыдай жабық өтеді деп ойлаймын»

"Омония" командасының бас бапкері Хеннинг Берг Конференция лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа қатысты пікір білдірді:

- Біз ертеңгі ойынды асыға күтеміз. Бұл біздің еурокубоктегі соңғы ойынымыз. Топтық кезеңде жақсы кездесулер өткіздік. Осы финалдық ойында жеңіске жетсек, тамаша болады. Бізді қиын ойын күтіп тұр. Ойын алғашқы матчтағыдай жабық өтеді деп ойлаймын. Біздің топтағы командалардың бірі-бірінен айырмашылықтары көп емес, бәрінің деңгейі шамалас.

Ертең біз 100%-ға беріліп ойнауымыз керек. Бұл ойындар тәжірибе жинақтау үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. Иә, ертең негізгі құрамда өзгерістер болады, бірақ бізде жақсы команда бар және біз жеңіске жету үшін бәрін жасаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×