Он оңынан болсын

Ламин Ямаль бұл нөмірге лайық па?

Он оңынан болсын

ЯМАЛЬ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Испания құрамасының жас таланты Ламин Ямаль Ұлттар лигасының алдағы екі матчында 10-шы нөмірде өнер көрсетеді. Бұған дейін әдемі нөмір Дани Ольмоға тиесілі еді. Дегенмен, өзі жоқтың, көзі жоқ. Бос тұр ғой! Ала бер. Неге құрамада Ольмо жоқ? Өйткені, бұл ойыншы қарап жүрмей жарақат алған. Жарақат деген сөзді естіп, әбден мезі болған боларсыз. Тас атсаң, футболшыға тиіп, жарақат алып жатыр. 26 жастағы ойыншы осы себепті құрамаға шақырту алмаған. Енді сұрапыл нөмір жас ойыншыға бұйырыпты. Бағы жансын баланың. 

БҰЛ НӨМІРДІҢ ТАРИХЫ

Иә, 10-шы нөмірде ойнаған алпауыттардың қарасы көп. Испания құрамасында өнер көрсеткен ондықтар есіңізде ме? Ламинға дейін бұл нөмір Ольмоға тиісілі деп айттық. Енді Данидан әрі асайық. Құрамада Рауль, Хосе Антонио Рейес, Сеск Фабрегас, Иско, Тьяго Алькантара, Санти Касорла секілді футболшылар дәл осы нөмірмен ел намысын қорғаған. Мықтылардан келген сан, киелі болсын дейміз. Естеріңізге сала кетейік, «Қызыл фурия» 12 қазан күні Даниямен, 15-і күні Сербиямен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×