Шымкенттік ұжым бүгін "Металлург" Бекабадқа қарсы жолдастық ойын өткізді.
Одил Ахмедов стадионында тұрақтаған “Оңтүстік Академия” Ташкентке 12 ақпан күні аттанып еді. Сөйтіп арада 4 күн өткеннен кейін “Сурханмен” жолдастық матч өткізіп, 4:0 есебімен сенімді ойын өрнегін көрсетті. 21 ақпанда Азат Нұрғалиев шәкірттері “Олимпикке” қарсы тұрды. Енді міне бүгін қорытынды ОЖЖ команда “Металлург” Бекабадқа 0:1 есебімен жеңілді.
Жаңа маусымда Бірінші Лигада өнер көрсететін "Оңтүстік" өзінің шәкірттеріне сенім артады. Басқа командалар секілді ұжымда шеттен келген аты бар ойыншылар некен-саяқ.
Еске салсақ, команда бұның алдында өздері орналасқан БИІК футбол базасында “Ордабасы Жас”, “Жайыққа” қарсы бақылау кездесулерін өткізді.