"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры аясында "Таразды" қабылдады. Матч Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 77-минутында Елдос Ахметов айып добын тамаша орындап, есеп ашты. Ал алты минуттан кейін Еркебұлан Тұңғышбаев көзге түсіп, командасына бір ұпай сыйлады.
"Ордабасы" бұл ойыннан кейін 17 ұпаймен сегізінші орында қала берді. "Тараз" 18 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET