Оңтүстік дербиде «Таразды» жеңген «Ордабасы» үздік төрттіктің қатарына енді

24.10.2021, 22:03
Шымкенттік клуб бұл турда ұпай жоғалтқан «Қызыл-Жарды» төртінші орыннан ығыстырды.
Оңтүстік дербиде «Таразды» жеңген «Ордабасы» үздік төрттіктің қатарына енді

«Тараз» Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Ордабасымен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен шымкенттік клуб жеңіске жетті.

Кездесудің 27-минутында Абдуллай Диакате алғашқы голды соқты. Ал бес минуттан кейін Карам Сұлтанов «Ордабасының» есептегі басымдығын нығайтты. Десе де, 78-минутта Арман Нүсіп мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты.

Жеңіске жеткен шымкенттік ұжым 38 ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Жамбылдық клуб 29 ұпаймен оныншы орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×