"Қайраттың" бұрынғы жұлдызы Андрей Аршавин Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, Темірдің Еуропаның ТОП 5 лигасында ойнауға мүмкіндігі жоқ.
Аршавиннің пайымдауынша, Анарбековтың бойы Еуропалық алпауыт клубтардың талабына сай келмейді.
"Темірлан Анарбековке Еуропаның үздік бес лигасында өнер көрсету үшін бойы жетіспейді. Оны ол жаққа қабылдамайды.” — деп кесіп айтты Аршавин.
Темирлан Анарбековтың бойы — 1 метр 89 сантиметр. Әлемдік футболда бұл қақпашы үшін "алтын орталық” болып саналады. Салыстырмалы түрде айтсақ:
– Икер Касильяс (Реал Мадрид) — 1.82 м
– Ян Облак (Атлетико Мадрид) — 1.88 м
– Марк-Андре тер Штеген (Барселона) — 1.87 м, т.с.с
Бұл қақпашылардың барлығы бойы Анарбековтен қысқа болса да, әлемдік деңгейде мойындалған. Алайда, Аршавин қазіргі заманауи Еуропа футболындағы алып қақпашылар (Куртуа немесе Доннарумма сияқты 2 метрге жуық) трендін меңзесе керек.