“Оны неге сонша талқылай бересіңдер?” — Дінмұхаммед Қашкен төңірегіндегі шуға нүкте қойылды

Бүгін, 11:01

Ұлттық құраманың қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкеннің айналасындағы дау толастамай тұр. Бұрынғы футболшы Самат Отарбаев бұл мәселеге қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Оны неге сонша талқылай бересіңдер?” —  Дінмұхаммед Қашкен төңірегіндегі шуға нүкте қойылды

Отарбаев журналистер мен жанкүйерлердің бұл футболшыға тым көп көңіл бөліп жатқанына таңғалыс білдірді.

Оның пікірінше, құрамаға кімнің шақырылатынын тек бас бапкер шешеді және нәтижеге де сол жауапты. Сондықтан ойыншының тегіне немесе таныстығына емес, команданың жетістігіне қарау керек.

"Шыны керек, журналистердің бұл футболшыға неге сонша шүйліккенін түсінбеймін. Кім шақырылса да маңызды емес, бастысы — нәтиже. Бапкер ойыншылардың қандай бапта екенін бәрінен де жақсы біледі.” — деді ол Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Медиа кеңістікте Қашкеннің құрамаға байланыстар арқылы іліккені туралы қауесеттер жиі айтылады. Отарбаев бұл негативті тоқтатып, ойыншыға мүмкіндік беру керек деп есептейді.

"Оған мүмкіндік беру керек, негізгі құрамда ма, әлде қосалқы құрамда ма, алаңға шығып, өзін көрсетсін. Егер бапкер ойыншыны шақырса, демек ол құрамаға лайықты. Өйткені жауапкершілік тікелей бапкердің мойнында."

Самат Отарбаев футболшының жеке басын талқылай бергенше, оның ойынына баға беруді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×