Opta Analyst суперкомпьютері 2025/26 жылғы Чемпиондар Лигасының негізгі фавориттерін жариялады. Сараптамаға сәйкес, мүмкіндігі ең жоғары клуб – Ағылшындық “Ливерпуль”. Оның турнирде жеңіске жету ықтималдығы – 20,4%.
“Ливерпульдің” ширек финалға шығу мүмкіндігі – 72,7%, жартылай финалға – 51,5%, финалға шығу ықтималдығы – 34%, ал турнирді жеңу мүмкіндігі – 20,4% деп бағаланған.
Лондондық “Арсеналдың” жеңіске жету ықтималдығы – 16%. Top-10 рейтингіде сондай-ақ:
• “Париж Сен-Жермен” – 12,1%
• “Манчестер Сити” – 8,4%
• “Барселона” – 8,4%
• “Челси” – 7%
• “Реал Мадрид” – 5,8%
• “Бавария” – 4,3%
• “Интер” – 3%
• “Ньюкасл” – 3%
Өкінішке орай, “Қайрат” сондай-ақ Данияның “Копенгагені”, Грецияның “Олимпиакосы” және Кипрдің “Пафосы” топ-20 рейтингке енбеді.
Бұл рейтинг командалардың қазіргі формасы, ойыншы құрамы және статистикалық көрсеткіштері негізінде жасалған.