Оқырман ойы: Керімов Карлос пен Камерундық Это секілді кәрі жұлдыздарға неге көзін сатуда?

28.08.2011, 19:55
Оқырман ойы: Керімов Карлос пен Камерундық Это секілді кәрі жұлдыздарға неге көзін сатуда?
Махачкаланың Анжиі Камерундің шабуылшы Самуэль Это'оны Интерден сатып алды. Бұл туралы Интердің сайтында жарияланыпты. Это'Оның құны 36 млн евроға бағаланса керек. Ол алдағы 3 жылда Анжиден 30 млн евро жалақы алады екен. Ол 99-нөмірмен өнер көрсетеді. Анжи бұл жылы трансфер маркетінде үлкен қадамдар жасады. Биылғы маусымда «Анжидің» сапына бразилиялық жартылай қорғаушы Жусиле да Сильва, оның отандасы, шабуылшы Диего Тарделли, бельгиялық Мбарк Буссуфо сынды танымал ойыншылар қосылды. Ал өткен айда «Анжидің» жейдесін ағылшынның «Челсиінде» доп тепкен Юрий Жирковтың  кигені баршаға мәлім. Ресей құрамасының белді ойыншысы: «Беделді клубпен келісімшартты бұзу оңай шаруа емес, дегенмен болар іс болды, енді шегінуге жол жоқ. «Анжидің» басшылығы клубтың алдына биік мақсат қойып отыр, алдағы уақытта сол жоспарды жүзеге асыруға тырысамыз» – дейді.
Керімов пен «Анжидің» бас бапкері Гаджи Гаджиев мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Олар енді аз күнде команда қатарына «Арсеналдың» ойыншысы Андрей Аршавин мен «Зениттің» сапындағы шабуылшы Данко Лазовичті тартуды көздеп отыр. Ақпарат көздеріне сенсек, аталған екі ойыншы да «Анжи» құрамын толықтыруға келісімдерін берген көрінеді. Серб жігіті Данко Лазовичтің және Андрей Аршавиннің Махачкала ұжымының шабуыл шебін күшейте түсетіндері сөзсіз.  Сонымен қатар бұл клуб "көк жейделілер" сапындағы Анелькаға құда түсіп жүрген сыңайлы. Кәрі жұлдыздарға көзін сатқан аталмыш клуб жайлы әркім әртүрлі сөз тасуда. Бірі:
- Керімов олигарх сатып алғасын тасы өрге домалап кетеді-ау дегенге сену шынымен қиын. Көп сыншылар бұл сатып алулардың тек даңғой іс екенін алға тартады. Карлостың, Самуэль Этоның және Жирковтың командадағы ойын өрнегін жүз сексен градусқа ауыстырып, серпін береріне сене алмаймын. Бұлар екі сезоннан артыққа шыдамайды, айтпады демеңдер. Олар үшін  бұл зейнеткерлікке шығар алдын күшті бонус тек қана . Оны мәмілесуші қос тарап та бұны жақсы ұғынатын сияқты , - десе, енді бірі:
«Анжиді» өрге сүйреуге белді бекем буған Сулейман Керімов пен Гаджи Гаджиев алға қойған мақсатқа жету үшін ақшаны аямай төгуде. Бірақ олар қаржыны оңды-солды шашуда деп айта алмайсыз. Жоғарыда аттары аталған футболшылардың бәрі де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Әсіресе, команда капитаны болып тағайындалған Роберто Карлос жаңа командасына көп пайдасын тигізуде. Жергілікті жанкүйердің сүйіктісіне айналған Карлос әрбір ойынға аса жауапкершілікпен қарайтынын, Махачкалаға келгелі бері футболға деген сүйіспеншілігі қайтадан арта түскенін мәлімдеді. Ал сіздер қандай пікірдесіздер?
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×