«Оқжетпес» клубынан 6 ұпай шегерілді

05.09.2021, 23:34
Көкшетаулық ұжым әлі күнге дейін қарызынан құтылмаған.
«Оқжетпес» клубынан 6 ұпай шегерілді

ҚКФЛ баспасөз қызметі Бірінші лигада өнер көрсететін көкшетаулық "Оқжетпестен" 6 ұпай шегерілгенін хабарлады.

"Күшіне енген заң органдарының шешімдерін қайталап орындамағаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен "Оқжетпес" футбол клубынан 6 ұпай шегерілді", - делінген хабарламада.

Осылайша, көкшетаулық клуб қазір 23 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×