Футболдан Қазақстан бірінші лигасының басталғанына үш тур болды. Осы үш турда жүз пайыздық көрсеткішке ие болған Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Алматының «Іле-Сәулеті» турнир кестесінде көш бастап келеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша бірінші лигаға түсіп қалған көкшетаулықтар биыл қайтадан премьер-лигаға оралуды көздейді. Соңғы турда Алматыда қонақта болған «Оқжетпес» жергілікті «ЦСКА»-ны 7:0 есебімен ойсыратты. Сондай-ақ премьер-лигадан Алматының «Іле-Сәулеті» де дәмелі. «Цеснаның» да көрсеткіші жаман емес. Екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Ал көшбасшылықтан үміткер саналған «Ақжайық» пен «Қызылжардың» халдері мүшкіл. Бұларда бар болғаны – 2-ақ ұпай.
3-турдың нәтижелері:
«Спартак» (Семей) — «Іле-Сәулет» (Алматы) – 2:3
«Болат» (Теміртау) — «Гефест» (Қарағанды) – 1:0
«ЦСКА» (Алматы) — «Оқжетпес» (Көкшетау) – 0:7
«Астана-1964» — «Қазақмыс» (Сәтбаев) – 0:0
«Екібастұз» — «Каспий» (Ақтау) – 2:0
«Ақтөбе-Жас» — «Тарлан» (Шымкент) – 4:0
«Ақжайық» (Орал) — «Лашын» (Тараз) – 1:1
«Цесна» (Алматы) — «Қызылжар» – 4:2
Автор: Арсен Жанаділ