«Оқжетпес» қақпашысы бүгін орталық қорғаушы ретінде өнер көрсетті

12.04.2021, 03:18
«Оқжетпес» клубының қарамағында 13 ойыншы ғана бар екен.
«Оқжетпес» қақпашысы бүгін орталық қорғаушы ретінде өнер көрсетті

Бүгін Бірінші лига өз бастауын алды. "Оқжетпес" өткен маусымдағы қарыздарының салдарынан тек 13 ойыншыны өтінімге енгізе алды, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

Нәтижесінде, "Игілікке" қарсы өткен матчта көкшетаулық клубтың бас бапкері Сергей Попков қақпашы Руслан Абжановты орталық қорғаушы ретінде шығаруға мәжбүр болды.

Абжанов жаңа позицияда керемет ойнап шықты. "Оқжетпес»"қарсыласынан тек бір ғана гол жіберіп алды. "Игілік" бұрыштамадан асырылған пасты тиімді пайдаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×