Көкшетаулық «Оқжетпес» 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Нұрғайни Бөрібаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Нұрғайни Бөрібаев өткен жылы «Тұран» сапында Премьер-лигадағы дебютін жасаған болатын.
Ол түркістандық клуб жейдесінде 17 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасына шақыртылып тұрды .
Transfermarkt порталы Бөрібаевтың құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET