«Оқжетпестің» бұрынғы спорт директоры және танымал футбол агенті Рустам Раджабов Грузия құрамасының экс-ойыншысы Зураб Цискаридзенің айтқан сөзіне түсінік берді.
Sports.ru сайтына берген сұхбатында Цискаридзе келісімшартқа қол қойғаннан кейін одан 50 мың доллар талап еткенін, сондықтан оның «Оқжетпеске» ауысуы мүмкін болмағанын айтқан еді.
- Рустам, айтыңызшы, Цискаридзе командаға қандай жағдайда келді?
- «Оқжетпеске» орталық жартылай қорғаушы керек болды. Цискаридзе келіп, бақылау матчтарында ойнап, бас бапкерге қолынан не келетінін дәлелдеуге тырысты.
- Қорытындылай келе, сол кезде бас бапкер Владимир Мұханов қандай шешім қабылдады?
- Ол өзінің ойын сипатына сәйкес, футболшы «Оқжетпес» үшін жарамайды деп айтты. Ол қарсыластан допты жақсы алып қояды бірақ сапалы пастары жоқ. Мұхановтың командалары әрдайым қандай футбол ойнағанын өзіңіз де түсінесіз. Сондықтан біз бұл позицияға басқа ойыншы іздейміз деп шештік.
- Бірақ келісімшартқа қол қойғаннан кейін бас бапкер Цискаридзеден ақша сұрады деген сөздері туралы не айтуға болады?
- Біріншіден, жартылай қорғаушыға келісімшарт ұсынған ешкім жоқ. Екіншіден, мен Владимир Васильевичті бұрыннан білемін. Ол қайда жұмыс істесе де, ойыншыдан немесе жаттықтырушыдан ақша сұрамайды - бұл ешқашан болған емес және болмайды да. Мұқанов - өзінің беделін бағалайтын жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Сондықтан Цискаридзенің айтқанының бәрі мүлдем дұрыс емес.
Үшіншіден, сұхбатында футболшы бапкермен жеке кездеспегенін, бірақ ол бұл ақпаратты біреуден естігенін айтады. Мен де көп нәрсе туралы естідім деп айта аламын, және бәріне сену қателік болар еді. Футболшы оқу-жаттығу жиынына жаңа аяқ-киіммен келгенін және жаттығудан кейін аяғында жарақаттар пайда болғанын айтуды ұмытып кеткенін атап өткім келеді. Осыны ескере отырып, ол өзін қалай толық көрсете алды? Өзіңізден себеп іздеуден гөрі бар жаланы жаттықтырушыға немесе басқа жағдайларға жабу оңайырақ.
Біздің серіктес: FONBET