«Оқжетпестің» тағдыры не болмақ?

08.04.2021, 22:39
«Оқжетпесте» дәл қазіргі сәтте 9 ойыншы ғана бар, оның екеуі қақпашы.
«Оқжетпестің» тағдыры не болмақ?

Бірінші лиганың басталуына өте аз уақыт қалды, ал маусымның басты фавориті болып табылатын "Оқжетпес" клубы қарыз мәселесін әлі шешкен жоқ, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"Оқжетпес" қарызға белшесінен батты. Бұл белгілі факт. Және осы себепті клубқа трансферлік тыйым салынды. Бірқатар жағдайларға байланысты олар апелляциялық шағым түсірді.

Белоруссиялық қорғаушы Алексей Гавриловичтің қарызынан құтылу мерзімі өтіп кетті, клубқа шағымданудың қажеті жоқ және дәл осы қарыздары үшін жаңа ойыншы алуға тыйым салынған.

Егер қарыздар маусым басталғанға дейін жабылмаса, онда көкшетаулық команда біріншілікті өткен маусымдағы ойыншылармен бастауы керек. Ал клубта тек 9 футболшы ғана бар, олардың екеуі қақпашы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×