Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев команданың алдағы матчтарға дайындығы туралы пікір білдірді:
- Оқу-жаттығу жиындары өте жақсы басталды. Футболшылардың барлығы түгел келіп, 4 қазан күні жаттығу жұмыстарына кірістік. Босния және Герцеговина - мықты команда, ойыншылары Еуропа чемпионаттарына өнер көрсетеді.
Құдай қаласа, 9 қазан күні болатын матчта бар күшімізді салып, жанкүйерлерді, отбасымызды қуантуға тырысамыз. Және стадионның 50%-на жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етілді. Сондықтан атмосфера керемет болады деп ойлаймын. Қазақ халқын қуантуға тырысамыз.
Біздің серіктес: FONBET