Шабуылшы Оралхан Өміртаев пен "Тобыл" футбол клубы өзара мәміле бойынша еңбек келісім-шартын бұзды.
Өміртаев командаға өткен маусымның басында келген болатын. Осы уақыт аралығында жас шабуылшы қостанайлық клуб сапында 19 матч өткізді. Еншісінде 2 гол бар.
"Гол емес" телеграм арнасының мәліметінше, Оралхан осы маусымның соңына дейін қарағандылық "Шахтер" клубының намысын қорғайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET