Оралхан Өміртаев «БАТЭ» үшін жеңіс голын соқты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
16.09.2024, 11:39

Беларусия біріншілігінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев өзінің кезекті голын салды.

Оралхан Өміртаев «БАТЭ» үшін жеңіс голын соқты
Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында

Борисовтік «БАТЭ» сапында доп тебетін отандасымыз «Витебск» командасымен болған матчтың 88-минутында нәтижелі соққы жасап, клубына аса маңызды ұпай сыйлады. Оралханға жеңіс голын салу үшін небары 5-ақ минут жеткілікті болған. Себебі, қазақстандық сұрмерген жасыл алаңға екінші таймның 83-минутында шыққан болатын. Бұл Оралхан Өміртаевтың Борисвовтік команда қатарындағы осы маусымдағы алтыншы голы. Маусымның бірінші бөлігін «Слуцкте» өткізген қазақстандық шабуылшы «БАТЭГЕ» шілдеде ауысқан болатын. Сондай-ақ, Оралхан ҚПЛ-де «Шахтер», «Тобыл», «Ақжайық» және «Атырау» командаларының жейделерінде де өнер көрсетті.   

Айта кетейік, шабуылшы биыл үш жылда алғашқы рет Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ол Ұлттар Лигасының қыркүйектегі екі матчына шақырту алған футболшылар тізіміне енді, алайда, Норвегиямен (0:0) және сырт алаңда Словениямен болған бәсекеде (3:0) жасыл алаңға шыққан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×