Оралхан Өміртаев: Беларусь біріншілігіне келуім - орта ауыстырғым келді

15.07.2024, 13:33

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтың беларусиялық "БАТЭ" сапына ауысқаны мәлім.

Оралхан Өміртаев: Беларусь біріншілігіне келуім - орта ауыстырғым келді
Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында

25-жасар сұрмерген жаңа клубы мен өзінің болашағы жайлы айтты. 

"Қалай дегенде де бұл БАТЭ ғой, елдегі клубтардың алды, бірінші нөмірлі ұжым. Қаншама жыл, команда қатарынан 10 жыл чемпион болды. Тарихы бай осындай клубтың намысын қорғау мен үшін үлкен абырой. Беларусь біріншілігіне келуім - орта ауыстырғым келді, Қазақстанда ғана емес өзге елдерде  де бағымды сынап көруді көздедім. Құдай бұйырса, барлығы дұрыс болады",- деді О. Өміртаев. 

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев  "БАТЭ" сапында өзінің алғашқы матчын өткізіп үлгерді. Қазақстандық шабуылшы борисовскілік команданың Беларусь Кубогінің 1/16 кезеңіндегі «DMedia» ға қарсы ойынының екінші таймында алаңға шықты. Бұл бәсекеде Өміртаевтың жаңа командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×