Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев «БАТЭ» - «Шахтер» Солигорск кездесуінде Беларусь біріншілігіндегі кезекті голын салды.
Отандасымыз алаң иелерінің сапында ойынға 70-минуттан араласқан. Борисовтік клуб матчтың 94-минутына дейін 0:1 есебімен жеңіліп жатты. Дәл осы кезде Қазақстан құрамасының шабуылшысы мергендік танытып, таразы басын теңестірді.
Бұл Оралханның биылғы Беларусь чемпионатындағы 7-добы. Өміртаев біріншіліктің басын «Слуцк» командасында өткізді. Онда 13 ойынға қатысып, 4 гол салған болатын. Ал «БАТЭ» сапында барлық турнирлерде өткізген жеті кездесуінде 3 рет мергендік танытты. Борисовтік ұжым турнирлік кестеде 23 турдан кейін оныншы сатыға жайғасқан. Оралхан Өміртаев ұлттық құраманың Ұлттар Лигасындағы соңғы екі ойынына шақырту алды. Алайда, алаңға шыққан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET