Оралхан Өміртаевтың командасы Беларусь чемпионатында “Днепр” Могилев ұжымынан басым түсе алмады

Борисовтік БАТЭ ішкі чемпионаттың 20-турында Днепр Могилев командасымен тең тарқасты (1:1), деп жазады Kazfootballkz.

Оралхан Өміртаевтың командасы Беларусь чемпионатында “Днепр” Могилев ұжымынан басым түсе алмады

Беларусь чемпионаты, 20-тур

БАТЭ 1:1 “Днепр” Могилев

Голдар: Юрий Клочков 21 – Темур Джикия 45+2

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев ойынды қосалқы құрамда бастап, кездесудің 81 минутында алаңға қосылды. 26 жастағы шабуылшы Борисов ұжымында 6 кездесу өткізіп, 1 гол соғып үлгерді. 

Еске салайық, Оралхан ел құрамасының қыркүйек айында өтетін кездесулеріне шақырту алды. 

Осы матчтан кейін БАТЭ турнирлік кестеде 21 ұпаймен 11 орында орнығып алды. Ал чемпионаттың көш басын 43 ұпаймен Гүлжігіт Алықұловтың “Неман” командасы бастап келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Беларусь
×