“Ораза тұтты” – Нани Ислам дінін қабылдады ма?

Бүгін, 12:20

"Ақтөбе" ойыншысы Луйш Нанидің ауыз бекіткені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ораза тұтты” – Нани Ислам дінін қабылдады ма?
Instagram: fcaktobe_tkb

ТКБ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Нани қасиетті Рамазан айының соңғы он күнінде ауыз бекітіп, Ораза ұстаған.

Нани өзі мұсылман дінін ұстанбаса да, бұл қасиетті құлшылықты алғаш рет өз тәжірибесінен өткізіп көрді. Оның бұл шешіміне екі басты себеп әсер еткен. 

– Команда сапында Ораза ұстап жүрген мұсылман бауырларына қолдау көрсетіп, олардың рухани күйін сезіну.

– Аштық пен шөлге төзімділік таныту арқылы өз ағзасының мүмкіндіктерін бақылау.

"Бұл — Луйштің алғашқы тәжірибесі. Ол командаластарымен бірге рухани бірлікті сезіну үшін осындай батыл қадамға барды.” — дейді дереккөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×