«Ордабасы» 20 жастағы бразилиялық футболшымен толықты

04.03.2022, 23:55
Ол шымкенттік клубтың жаңа маусымдағы алғашқы легионері ретінде тіркелді.
«Ордабасы» 20 жастағы бразилиялық футболшымен толықты

Шымкенттік «Ордабасы» бразилиялық жартылай қорғаушы Виктор Брагамен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Өз елінде Зеедорф деген лақап атқа ие болған 20 жастағы Виктор Кристиан Брага бразилиялық «Сантос» клубының түлегі. Брага атақты футболшы Кларенс Зеедорфқа ұқсайды, оған қоса, Виктор голландиялық жартылай қорғаушының позициясында өнер көрсетеді.

«Ордабасыға» келмес бұрын Виктор Брага тек өз елінде ойнады, атап айтсақ, «Санта-Круз», «Сантос» пен «Лондрина» жастар командасының намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×