«Ордабасы» африкалық легионермен толықты

23.03.2022, 01:41
Футболшының алаңға шықпағанына бір жылдың жүзі болды.
«Ордабасы» африкалық легионермен толықты

28 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Секу Думбия «Ордабасымен» келісім-шартқа отырды.

Футболшы шымкенттік команданың биылғы маусымға арналған өтініміне енгізілді.

Секу Думбия бұған дейін Молдова, Беларусь, сондай-ақ Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Соңғы жылдары израильдік «Хапоэл Хадера» командасында доп теуіп, ол клуб үшін 6 матч өткізді. Соңғы рет алаңға өткен жылдың мамыр айында шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×