
Қазақстандық бапкер Болат Есмағамбетов «Ордабасының» маусым басындағы сәтсіздігі жайлы пікірін айтып, тығырықтан шығу жолдарына қатысты ойын ортаға салды.
Естеріңізде болса, «Ордабасы» ҚПЛ-2025-тің үш турынан кейін соңғы 14-орында келеді. Шымкенттік команда үш матчта бірде-бір гол сала алмай, 2 ұпай ғана еншілеген.
«Ордабасы шабуыл өтінде гол соғудан үлкен мәселелерге тап болды. Бұл ең алдымен бас бапкерге қойылатын сұрақ. Проблемаларды дереу шешу керек. ҚПЛ-де үш ойын голсыз өткізу деген сұмдық. Футболшылардың өзара түсінісіп ойнауына қажетті уақыты әлдеқашан өтіп кеткен. Меніңше, алдағы ойындарда «Ордабасы» жеңіске жете алмаса, бас бапкерді орнынан алу мәселесі нақты көтерілетін сыңайлы. Бұдан басқа амалын көріп тұрған жоқпын», - деді отандық маман.
Шымкенттік клуб 5-сәуірде төртінші тур аясында сырт алаңда «Астанаға» қарсы тұрады. Ал 19-сәуірде талдықорғанның «Жетісуын» қабылдамақ.
Біздің серіктес: FONBET