«Ордабасы» алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін 12 футболшымен қош айтысты

07.02.2021, 04:20
Мұның екеуі толыққанды «Ордабасы» ойыншылары еді.
«Ордабасы» алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін 12 футболшымен қош айтысты

Шымкенттік "Ордабасы" алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін 12 ойыншымен келісімшарт жасамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Шымкенттегі алғашқы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша қаралымнан мына ойыншылар өте алмады: 19 жастағы шабуылшы Жавланбек Бабаназаров, 19 жастағы қорғаушы Дәуренбек Жүсіпов (екеуі де - "Оңтүстік академиясы"), 25 жастағы қорғаушы Асхат Ермекұлы (#8 СДЮСШОР), 22 жастағы жартылай қорғаушы Бекнұр Рысқұл, 20 жастағы қорғаушы Даниэль Мәуленов және 20 жастағы қақпашы Қажымұқан Төлепберген (барлығы - "Мақтаарал"), 20 жастағы қорғаушы Асылжан Бұлғақбаев және 19 жастағы жартылай қорғаушы Ерік Жарылқасын (екеуі де - "Ордабасы-Ж"), 23 жастағы қорғаушы Мәди Айтөре және 22 жастағы жартылай қорғаушы Мұхит Жақсылық.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша командадан 30 жастағы қорғаушы Мардан Төлебек ("Тұран" клубында қаралымда жүр) және 26 жастағы қорғаушы Ұлар Жақсыбаев ("Қайсарда" қаралымда жүр) кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×