Премьер-лиганың 12-турындағы «Ордабасы» мен «Ақсу» арасындағы матч оқыс оқиғаға байланысты тоқтатылды.
Ауа-райының қолайсыздығынан стадионға қарасты ғимараттың шатыры опырылып түсті. ҚКФЛ келтірген мәліметке сүйенсек, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ екен. Шатыр «Ақсу» қақпасының артына құлаған. Ол жерде болған қақпашы Евгений Кучеренко мен доп тасып жүрген балалар дер кезінде қашып үлгерген. Матч дереу тоқтатылып, кейінге шегерілді.
Айта кетейік, ойынның 8-минутында «Ордабасы» клубының қорғаушысы Карам Сұлтанов есеп ашқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET