«Ордабасы» ардагер футболшысымен қош айтысады

14.07.2021, 03:43
Пабло шымкенттік клубтағы жалақысы ең көп ойыншылардың бірі.
«Ордабасы» ардагер футболшысымен қош айтысады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло "Ордабасыдан" кетуге жақын.

37 жастағы қорғаушы соңғы 3,5 жыл бойы шымкенттік клубта ойнады және команда капитандарының бірі болды. Бірақ қаржылық дағдарысқа байланысты шымкенттік клуб тәжірибелі қорғаушының қызметінен бас тарту туралы шешім қабылдады. Келісім-шартты бұзу туралы келіссөздер процесі басталып та кетті.

Фонтанелло Украина және Ресей чемпионаттарындағы ойындарымен танымал, ал 2009 жылы тіпті италиялық "Пармаға" ауысқан. Бірақ аталмыш клуб үшін бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×