«Ордабасы» ардагер футболшысымен қош айтысты

04.08.2021, 20:53
Пабло шымкенттік клуб сапында 3,5 жыл ойнады.
«Ордабасы» ардагер футболшысымен қош айтысты

Аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло мен "Ордабасы" футбол клубы екі жақты шешім бойынша еңбек келісім-шартын бұзды.

Фонтанелло "Ордабасы" үшін 2017 жылдан бері ойнады және осы уақыт ішінде шымкенттік клуб сапында 137 ойын өткізіп, 5 гол соқты, сонымен қатар 2 нәтижелі пас берді.

Фонтанелло Украина және Ресей чемпионаттарындағы ойындарымен танымал, ал 2009 жылы тіпті италиялық "Пармаға" ауысқан. Бірақ аталмыш клуб үшін бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×