Турнирлік кестеде 7-сатыдағы алаң иелері көш басындағы қонақтарды қабылдайды.
Командалар бірінші айналымда Астанада жолыққан. Сәуірдегі матч алаң иелерінің басымдығымен аяқталды 2:1. Бірақ одан бері жағдай біраз өзгергенін айта кету керек. Шымкенттік команда біраз қарқын алып, турнирлік кесетеде біраз жоғарылады. Десе де, жағдай толық оңалып кетті деуге де келмейді. «Ордабасының» басты проблемасы ойын тұрақсыздығымен байланысты. Керемет жеңістен кейін шымкенттіктер ойламаған жерден сүрінетіндігімен көзге түсуде. Андрей Мартиннің шәкірттері өткенде Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда грузиялық команданы ұтып тұрып, жеңіліп қалды. Екі майданға бөліну де «Ордабасының» ҚПЛ-дегі шаруасына кедергісін келтіруі кәдік.
«Астана» соңғы бес ойынның төртеуін ұтып, бір матчты тең аяқтады. Елордалық клуб бірінші айналымды көш басында аяқтап, әлі де бірінші келеді. Григорий Бабаян Еурокубоктік ойындардың алдында ішкі біріншіліктегі мәселелерді реттеуге барын салатыны түсінікті. Өткенде елордалықтар сырт алаңда «Жетісуды» сенімді түрде ұтып, оның алдында «Қызыл-Жармен» тең түскен еді 3:3. Бүгін енді «Ордабасыдан» айласын асыра ала ма?
Екі команда да гол салады деп есептейміз. Fonbet.kz бұл нұсқаны таңдағандар үшін 2.05 коэффициентін тарту етеді.