«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин: ары қарай өтуге кім лайықты екенін анықтау үшін екінші ойынды күтеміз

11.07.2025, 17:42

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Торпедо» Кутайсимен болған кездесуді қортындылап, ойын ортаға салды.

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин: ары қарай өтуге кім лайықты екенін анықтау үшін екінші ойынды күтеміз
«Торпедо» Кутайси - «Ордабасы» кездесуі

«Тең командалар жолыққан Еурокубоктік матч. Әдеттегідей, бұл жердегі мүмкіндік 50-де 50 деймін. Бүгін өздеріңіз де көргендей, барлығын детальдар шешеді. Есеп әртүрлі болып өзгеріп отырды: бірде алаң иелері алға шықса, бірде біз алда тұрдық. 

Көп дүниеде стандартты жағдайлар шешіп кетті, алаң иелерінің стандарттан салған екі голы, біздің бір голды айтуға болады. Бұл негізінен бапкерлердің емес, көбіне жанкүйерлер көңілінен шыққан ойын болды. Өйткені, екі команда да көп гол жіберген еді. Бұл бапкер үшін аса жақсы емес. Ал былайша, жақсы матч, тең қарсыластар. Енді ары қарай өтуге кім лайықты екенін анықтау үшін екінші ойынды күтеміз», - деді А. Мартин баспасөз-мәслихатында. 

Командалар арасындағы қарымта кездесу 17-шілдеде Шымкентте өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×