«Ордабасы» бас бапкері: чемпионаттың басы біз үшін қиынға соғуда

14.04.2025, 10:50

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық кезеңінде «Хан-Тәңіріне» қарсы өткен ойынды қортындылап, ойын ортаға салды.

«Ордабасы» бас бапкері: чемпионаттың басы біз үшін қиынға соғуда
Андрей Мартин

Айта кетейік, шымкенттік клуб сырт алаңда 2:0-мен жеңіске жетіп, ширек финалға аяқ басты.

«Футболшыларды жеңісімен құттықтаймын - чемпионаттың басы біз үшін қиынға соғуда. Қарсылас бір саты төмен дивизоннан болған соң, түсінікті ерекше мотивациямен ойнады. Бүгін климаттық жағдай да оңай болған жоқ - жасанды төсеніште ыстық қой... Бірақ шыдадық. Бастысы келесі кезеңдеміз. Дәл қазір нәтиже өте маңызды. Сондықтан, ойын сапасына қарамастан қазіргідей кезеңде нәтиже маңызды болып отыр. Сол үшін тағы да барлық жігіттерді жеңістерімен құттықтаймын», - деді молдовалық маман.

«Ордабасы» ҚПЛ-2025-те төрт турдан кейін 2 ұпаймен 13-орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×