Шымкенттік команданың футболшылары “Торпедоны” тізе бүктірсе, қанша сыйақыға кеңеледі?
Ел намысын еурокубокте қорғап жатқан “Ордабасы” 17 шілде күні грузиялық “Торпедомен” қарымта кездесу өткізеді. Шымкент ұжымының өз алаңында болатын ойыны елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Қос ұжым арасындағы алғашқы ойында нақты жеңімпаз анықталмады (4:3, “Торпедо” пайдасына). Конференция Лигасының келесі кезеңіне кез-келген команда өтіп кетуі ғажап емес. Осы орайда, “Ордабасы” командасының басшылығы футболшыларды қосымша сыйақымен қуантуды көздеп отыр. Бірақта ол үшін Шымкент жігіттері аянып қалмай, қарсыластан басым түсуі керек.
Кей деректерге сенсек, “Торпедоны” қос матч бойынша ұтқан “Ордабасы” футболшыларына 2 млн теңгеден үлестіру жоспарда бар дүние екен. Ал бұл жігіттерге матч алдында қосымша мотивация болып отырғаны өтірік емес.