«Ордабасы» БЖМОРСМ 8 командасын еш қиындықсыз жеңді

19.07.2021, 02:00
Шымкенттік клуб екі матчта 6 ұпай жинап, өз тобында көш бастады.
«Ордабасы» БЖМОРСМ 8 командасын еш қиындықсыз жеңді

Қазақстан Кубогінің екінші туры аясында БЖМОРСМ 8 бен "Ордабасы" командалары өзара мықтыны анықтады. Матч "Астана Аренада" өтіп, 1:3 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды.

Ойынның небәрі 6-минутында Сұлтанбек Астанов өзінің бауыры Эльханның пасын ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Ал 28-минутта Сұлтанбек қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, матчтағы екінші голды соқты. 64-минутта Сергей Хижниченко қарсыластарының қателігінен кейін есепті 0:3-ке жеткізді. Бірақ қарсыластар жұбаныш голын соғу мүикіндігіне ие болды. 77-минутта Нәбиев пенальтиді өз пайдасына жаратты.

Қатарынан екінші матчта жеңіске жеткен Александр Седнев шәкірттері өз тобында 6 ұпаймен көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ елордалық клуб ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×