Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадион УЕФА стандарттарына сай келмегендіктен, “Ордабасы” “Пюникке” қарсы өз алаңындағы кездесуін Алматыда өткізеді, - деп жазады Meta-ratings.kz.
Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңі ойынын қабылдау үшін 4 категориядағы стадион қажет. Алайда Шымкенттегі спорттық нысан 3 категорияда болғандықтан, кездесулер оңтүстік астанамызда өтеді деп жоспарланды.
“Ордабасы” осымен өз тарихында екінші рет еурокубоктің маңызды кездесулерін Алматыда өткізіп отыр. Соңғы рет Шымкент намысын қорғайтын команда 2012 жылы шетел қарсыласын Орталықта қабылдады.
“Ордабасы” - “Пюник” арасындағы ойын 8 тамызда өтеді. Ал қарымта матч 15 тамыз күні Ереванда ойналуы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET